Мем талдауы «Мемдер арқылы сөйлейміз»

05.09.2025

Тілдер апталығы аясында 1 курс студенттері арасында Мем талдауы «Мемдер арқылы сөйлейміз» атты іс-шара өткізілді.

Мақсат — медиасауттылықты, сыни ойлауды және этикалық цифрлық коммуникация мәдениетін дамыту. Бағдарламаға «Мемді талда» (контекст, визуал код және мәтінді оқу) және «Өз этикалық меміңді жаса» (оқу тақырыбына мағыналы визуал дайындау) тапсырмалары кірді. Қатысушылар белсенділік танытып, білімдері мен топтық жұмыс дағдыларын көрсетті; үздік жұмыстар топ ішінде таныстырылды. Онлайн ортадағы адалдық пен әділдікке ерекше назар аударылып, «Адал азамат» бағдарламасының «Адал ұрпақ» жобасы аясында «Мем этикасы» чек-парағы әзірленді.

Іс-шара достық атмосферада өтіп, адал, жауапты азаматты қалыптастыруға үлес қосты.



Текст
Виртуальная приемная